Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Бауыржан Қаниев Темір ауданында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты

08.01.2025 282

Сенатор Бауыржан Қаниев Темір ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық негізгі жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты. Сапар барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шұбарқұдық ауылында 600 орындық мектеп салуға ерекше назар аударылды. Еліміз Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуді және өңір балаларына білім беруді жақсартуды көздейді.

«Жайлы мектеп» жобасы Ақтөбе облысында білім беру сапасын жақсартудағы маңызды қадам болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асып жатқан жоба апат жағдайындағы және үш ауысымды мектептерді жоюға, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде оқушыларды оқыту үшін заманауи жағдай жасауға бағытталған», - деп атап өтті сенатор.

Депутат сонымен қатар Шұбарқұдық ауылындағы еріген қар суын әкету жобасымен, сондай-ақ ауыл тұрғындарының инфрақұрылымы мен өмір сүру жағдайын едәуір жақсартатын кемпинг салу жоспарымен танысты. Сенатор Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында айтылған ауылда өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жалпы стратегияның бір бөлігі осындай жобаларды іске асыру екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы айтқан басым міндеттер – инфрақұрылымды дамыту және адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау болып отыр. Темір ауданында мектеп салу және инфрақұрылымды дамыту сияқты жобаларды іске асыру осы тапсырмаларды орындаудың жарқын мысалы болып табылады», - деп атап өтті Бауыржан Қаниев.

Бөлісу