Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Алдашев С.Т. "2007 жылғы суға батып кеткен кемелерді жою туралы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бойынша экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында қосымша баяндама жасады.

16.02.2021 155

                                                                          Парламент

Сенатының депутаты

С.Т. Алдашевтың баяндамасы

 

«2007 жылғы Суға батып кеткен кемелерді жою туралы

Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаң жобасына Баяндама

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы!

 

Құрметті әріптестер!

 

                Ұсынылып отырған «2007 жылғы Суға батып кеткен кемелерді жою туралы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы Қазақстан сулары аумағына кіретін кеме иелерінің жауапкершілігін сақтандыруға, батып кеткен кемелерді судан шығару, болған апаттық салдарын қамтамасыз ету және жою бойынша негізгі міндеттерді шешуге бағытталған.

Қазақстанның Конвенцияны ратификациялауда батып кеткен кеме иесіне қаржылық, отандық порттарға кіретін теңіз кемелерінің жалпы сыйымдылығы 300 және одан да артық тіркелімдік тонна анықталған жағдайында сақтандыру жауапкершілігін қамтамасыз етуді және қажетті куәліктің болуын көздейді. Бұл кеме иесінің аппатық салдарын жою жөніндегі қажетті шығыстарды өтеуінің кепілі болып табылады.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстанға батып кеткен кеме меншік иесінің сақтандыру компаниясына шығыстарды тікелей өтеу туралы талаптар қою құқығын береді.

Конвенция қатысушы мемлекеттің айрықша экономикалық аймағына таралады.

Конвенцияның 3-бабына сәйкес мемлекет Халықаралық теңіз ұйымының Бас хатшысына тиісті хабарлама жібере отырып, конвенцияның нормаларын аумақтық суларға қолдануға құқылы.

Заң жобасындағы өзгерістердің мемлекеттік бюджеттің шығыс немесе кіріс бөлігіне қандай да бір әсерін тигізбейді.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралып, туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алынды. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік Комитеті мүшелерінен ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын және бас Комитетке ескертпелерсіз жіберуге ұсынамын.

  

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу