Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламент Сенатының депутаты Алдашев С.Т. "Жаңаөзен қаласының дамуы туралы" ҚР Премьер-министрі Ә.Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.

17.02.2022 56

                                                                                                                                         Қазақстан Республикасының

                                                            Премьер - Министрі

                                                                  Ә.А. СМАЙЫЛОВҚА

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

         Соңғы күндері Маңғыстау облысында, соның ішінде Жаңа Өзен қаласында орын алып отырған жұмыссыздыққа қарсы акциялар өңірдің ғана емес, ел жұртшылығын алаңдатпай қоймай отыр.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысындағы жағдайдың шынымен де қиын, күрделі екендігіне тоқталған болатын. Өңірдің кешенді жоспарының қабылданып, осыған байланысты қомақты қаражаттардың бөліну жоспарланғаны және қаражаттар бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағыталып жұмсалуы керек туралы айтқан болатын.

Қаңтар айындағы орын алған қайғылы оқиғалардың басы да осы Жаңа Өзендегі бейбіт акциядан басталғаны баршаға мәлім. «Сұйытылған газ бағасының қымбаттауы» деген ресми себебі болғанымен, түп тамыры мұнайшылар қаласындағы жұмыссыздықтың кең орын алуы, тұрмыстық, азық – түлік тауарларының қымбаттауы, әлеуметтік деңгейінің төмендеп кетуінде еді.

Айта кету керек – дәл осындай жағдай осыдан он жыл бұрын Жаңа Өзен оқиғасы деген атпен тарихта қалған 2011 ж. орын алған болатын. Ол кезде де халықты алаңға шығарған басты себептердің бірі – халықты жұмыспен қамту мәселесінің шешілмеуі еді.

Одан бері өткен 10 жылда Жаңа Өзен қаласының экономикалық – әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында көптеген іс – шаралар қабылданды, кешенді – жоспар жасақталып,  миллиардталған қаржы жұмсалды, бір қатар әлеуметтік нысандар бой көтерді, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қаланың даму бағытын тек мұнайға тәуелді етпей әртараптандыру, соның ішінде ауыл шаруашылығын дамыту (мал, балық), туризм саласы, көліктік логистикалық әлеуетті күшейту, тіпті қала халқын басқа жаққа көшіру сияқты ұсыныстарда айтылды, айтылып та жүр. Бірқатар шаралар атқарылды да, тек өкінішке орай бүгінгі таңдағы қалада орын алып отырған жағдай сол өткен 10 жылдың ішіндегі халықтың көкейіндегі басты мәселе – жұмыспен қамту мәселесі түбегейлі шешілмегені айғақтап тұр.

Еліміздің тәуелсіздік алған 30 жылда Жаңа Өзен қаласының тұрғындары 60 мың адамнан 100 мың адамға өсіп 160 мың адамнан асты, және де  жыл сайын 3500 адамға өсіп отыр.

         Табиғаты қатал (қысы суық, жазы қуаңшылық) ішетін суы 1000 км жердегі Еділ өзенінен құбырмен тасымалданатын азық – түлік, басқа да тұрмыстық  бұйымдар 100% сырттан келетін өңірге халықтың келуінің себебі неде?  Әрине басты себептерінің бірі – Жаңа Өзен қаласының жанында еліміздің ірі мұнай газ өндіру кен орыны Өзен кенорыны орналасқан. 

         Бүгінгі таңда Өзен кенорынын игеруші компания 100 % «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қарасты «Өзен Мұнай Газ» АҚ.

         Кенорында жылына 5,3 – 5,5 млн тонна мұнай өндіріледі. Мамандардың ақпаратты бойынша алуға болатын қалған мұнай  қоры  шамамен  150 млн тоннаны құрайды, оның үстіне  жақында ғана ресми ақпаратта хабарлағандай көлемі 39 млн тонна мұнай көзі ашылды. Бұл қор қазір мұнай өндіру деңгейімен қарағанда шамамен 30 – 35 жылға жетеді. Әрине бұл мерзім тарихи масштабпен қарағанда көп уақыт емес, екінші жағынан қазіргі озық технологиялар күннен күнге дамып келе жатқан цифрлық  21 – ғасырдың тұрғысынан қарағанда аз да жыл емес, мәселе осы уақытты қаншалықты ұтымды пайдаланып білгенімізде.

         Жаңа Өзен қаласы Моноқала болып саналады. Сөйтте тұра бүгінгі таңда Моноқала мүмкіншілігін толықтай пайдалана алмай келеді.

Аумағы 370 км2 болатын 5000 - нан астам мұнай, су ұңғырлары бар технологиялық қондырғылар, 100-деген шақырым құрайтын мұнай, газ, су құбырлары, электр желілері бар. Қазақ Газ Өңдеу зауыты орналасқан кенорыны игеруге арналған құрал жабдықтар, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдардың 80 % астамы сырттан,басқа өңірлерден келеді.

         Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіру. Еуразиялық экономикалық аймаққа мүше болуы өндіріске қажетті бұйымдардың сырттан, басқа елдерден келуіне ықпалын тигізуге, соның салдарынан жергілікті халықтың мұнай өндіру процессінен қалыс қалу тәуекелін туғызып отыр.

         Осы мәселелерді ескере отырып, халықты мұнай өндіру процестерімен қамтылуына, жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз ету үшін төмендегілерді ұсынамыз:

         1. Жаңа Өзен қаласының аумағына Өзен кенорнына керекті технологиялық қондырғылар, эл.жүйелері. пластикалық құбырлар, т.б. бұйымдар шығаратын және жөндейтін ірі кәсіпорындар ашу, «ҚазМұнайГаз» АҚ Ұлттық компаниясының күшімен.

  1.          2.  Кенорынға қажет құрал жабдықтардың, материалдардың тізімін жасап қайсы бірін жергілікті шағын, орта кәсіпкерлеріне тікелей тапсырыспен көпжылдық мерзімге беру.

             3. Осындай «қолмен басқаратын режимге» өту үшін Өзен кенорнына Жаңа Өзен қаласының аумағына «Ерекше аумақ» статусын беру мүмкіншілігін қарастыру, қажет болса «ӨзенМұнайГаз» АҚ жарғысына өзгеріс енгізу мүмкіншілігін қарастыру.

             4. Қуаты жылына 1 миллион тонна құрайтын Мұнай өңдеу зауытын салудың негіздемесін жасақтау, қарастыру – бұл жоба өз кезегінде еліміздің бір түкпірінде орналасқан Маңғыстау түбегін жанар – жағармаймен қамтамасыздандыру мәселесін, әрі де өңірге мұнай кластерін дамытуға ықпал етер еді.

             6. Өзен кенорнының терең қабаттарына геологиялық барлау – зерттеу жұмыстарын жеделдету, 2025 жылға дейін геологиялық есеп дайындау.    

    Осы сауалға қолданыстағы заңнама аясында жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз.

     

     

    Құрметпен,                                                                                 С. Алдашев

                                                                                                           С. Трумов 

                                                                                                       Б. Шельпеков 
Бөлісу