ҚР Парламент Сенатының депутаты Алдашев С.Т. ҚР Парламенті Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша екінші оқылымда баяндама жасады.
Құрметті Мәулен Сағатханұлы, құрметті әріптестер!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру мақсатында әзірленді. Заң жобасында кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің: 1) адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау; 2) ұлттық экономикаға инвестициялар тартуды ынталандыратын реттеуші ортаны және инновациялық қызмет үшін қолайлы экожүйені қалыптастыру; 3) адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау; 4) кәсіпкерлердің іскерлік беделіне негізделген бизнесті адал, әдепті жүргізуді ынталандыру; 5) өзін-өзі реттеуді дамытуға жәрдемдесу; 6) тұтынушылардың құқықтарын қорғау міндеттері айқындалады. Артық реттегіш құралдардың көбеюін болдырмау және тиімсіз реттегіш құралдарды және талаптарды алып тастау мақсатында заңнамалық тұрғыдан оларды қалыптастырудың шарттары айқындалады. Баяндалғанды ескере келе, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес қабылдауды ұсынады.
Назарларыңызға рақмет.