Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Т. Алдашевтың Маңғыстау облысының Ақтау қаласына жұмыс іс - сапары.

09.08.2023 103

           ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев пен Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының ұжымымен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мустапаев пен мекеме қызметкерлері қатысты. Кездесуде экономикалық әлеуеті жоғары, еліміздегі инфрақұрылымдардың барлық түрімен байланысқан, шетелдік және отандық инвесторлардың қаржы құюына қолайлы мұнайлы аймағымыздың кәсіпкерлік саласының дамуы жайында пікір алмасып, қордаланып жатқан мәселелерде айтылды.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) барып, жабдықтарын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мемлекет басшысының су тапшылығын жою және оны өндіру қуатын арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуын және техникалық жағдайымен, оны жаңғырту және төзімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарын көрді.

Сенатор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезекте халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырғандығын және жүйелі жұмыс нәтижесінде ауыз су тапшылығы кезең-кезеңімен шешілетіндігін жеткізді. «МАЭК»-тің коммуналдық меншікке берілуі, сондай - ақ бөлінетін қаржыландырудың арқасында - облыс орталығында су тапшылығы таяу жылдар ішінде тұрақталады деп күтілуде.

 «Каспий» су тұщыту зауытының жұмысымен танысты. Бүгінде тәулігіне 20 мың текше метр су өндіретін зауыттың қуатын екі есе арттыру үшін кәсіпорын жаңғыртылып жатыр. Құрылыс жұмыстарын күзге дейін аяқтау көзделіп отыр.

Сүйіндік Тасеменұлы өңірді ауызсумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның маңызы зор екенін атап өтіп, мәселелерін тыңдап, зауытты жаңғырту жұмысы сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.

Бөлісу