Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевпен Жетісу облысына жұмыс іс - сапар.

28.08.2023 114

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында өңірді дамыту мәселелері, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жоспары, Текелі қаласының инфрақұрылымына қатысты проблемалар және Сенат пен мәслихаттардың өзара іс-қимылының келешегі талқыланды. Сапар барысында Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының боччашыларымен де кездесті. Қазіргі таңда өңірде аталған паралимпиадалық спорт түрінен екі арнайы үйірме жұмыс істейді. Кездесуде Сенат Төрағасы елімізде инклюзивті қоғам құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Одан бөлек, Палата Спикері Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейіне барды. Ол жерде оқушылар мен педагогтардың өзін өзі дамыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және әкімдік тарапынан мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу жайында сөз қозғалды.

Бөлісу