Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті депутатарымен Маңғыстау облысына іс-сапар.

22.09.2023 103
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттарымен ШОБ және көлік –логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша Маңғыстау облысында іс-сапарда болдық.
Іс-шаралар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, көліктік-логистикалық хаб объектілерінің («Ақтау теңіз порты» АЭА, Құрық теңіз порты, Ақтау теңіз Солтүстік терминалы) "Саржа" көлік-логистикалық орталығы қызметтерімен таныстық.
Сондай-ақ, іс-сапар аясында, өңірдің ШОБ-тың ағымдағы жағдайы, проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары атты тақырыпта жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қаржы институттарының өкілдерінің, жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен комитеттің көшпелі отырысын өткіздік. Отырыста Маңғыстау облысының бір-қатар кәсіпкерлері қатысып, өзекті мәселелерді көтеріп, жан-жақты талқыланды. Оның ішінде ауылшаруашылығы саласындағы субсидияларды бөлу, ауылдық жерлердегі кооперация мәселелері, қаржыландыру, несие, грант алу, балық шаруашылығын дамыту сияқты мәселелері көтерілді.
 
Бөлісу