ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттарымен Шығыс Қазақстан облысына іс-сапар.
Қазақстан Республикасы Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттарымен Шығыс Қазақстан облысына іс-сапар шеңберінде Қазақстан Республикасында геологиялық барлау жұмыстарын дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің көшпелі отырысы өткізілді. Мемлекет басшысы өткен жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында елімізде геологиялық барлау жұмыстарын белсенді дамыту қажеттігін атап өткен болатын. 2026 жылға қарай ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелу алаңын 1,5 млн. шаршы км-ден 2,2 млн. шаршы км-ге дейін жеткізу міндеті қойылды. Жолдауды іске асыру мақсатында а.ж. сәуір айында Комитет "Қазақстан Республикасында геологиялық барлау жұмыстарын дамытудың өзекті мәселелері" - тақырыбында дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, іс-сапар барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертпелер дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша ұсынымдарды қалыптастыру кезінде, сондай-ақ заң шығару қызметінде ескерілетін болады.
Іс-шараға өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, қаржы, көлік, министрліктерінің, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді көтеріп, жан-жақты талқыланды.
Бұдан басқа, іс-сапар барысында Өнеркәсіптік кәсіпорындардың: Үлбі металлургия зауытының, Өскемен металлургия кешенінің, Өскемен Арматура зауытының қызметімен танысып, көрдік.