ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың төрағалығымен Түркістан қаласында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның бесінші отырысы.
Іс-шара барысында алтыншы Орнықты даму мақсатын іске асыру аясында су ресурстарын үнемді пайдалану және санитария мәселелеріне қатысты проблемалар талқыланды. Сондай-ақ, жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен кездесулер өткіздік. Отырыс барысында трансшекаралық өзендерді пайдалануды реттейтін нақты тетіктердің әлі қалыптаспағаны туралы да сөз болды. Жасалған келісімдерге және бекітілген су беру кестелеріне қарамастан, еліміздегі кейбір облыстардың тиісті су көлемін ала алмауы жиі кездесетін жағдайға айналды. Осыған орай Парламентаралық комиссияның Төрағасы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін кешенді тәсіл мен стратегиялық жоспар қажет екенін айтып, алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын белгілеп берді.