ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаевтың Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуі.
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Ақмола облысының жұртшылығымен, жергілікті ақсақалдармен, жастармен және мәслихат депутаттарымен кездесті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері, Сенаттың өңірді дамытуға ықпалы және Палата мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл барысы талқыланды.