Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Т.Алдашевтың Маңғыстау облысына іс-сапары.

06.01.2025 98

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен танысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетінде жарияланған сұхбатын талқылау да сапардың маңызды сәттерінің бірі болды. Мемлекет басшысы 2024 жылдың негізгі жетістіктерін және инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Депутат Қарақия ауылының маңындағы маңызды нысандардың бірі – «Sarkylmas-Kuat» ЖШС жел электр станциясының жұмысымен танысты. Құны 13,4 миллиард теңге болатын жоба бойынша 15 адам тұрақты жұмысқа орналасатын болады, ал құрылыс барысында 120 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Сенатор Президенттің жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі стратегиясын еске сала отырып, білікті маман тарту мен электр энергиясын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Депутат сапар барысында Жетібай ауылындағы екі елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін «Еділ» су тазарту станциясында да болды.

Сүйіндік Алдашев сондай-ақ «Жетібай-Құрық» республикалық автомобиль жолындағы құрылыс жұмысының барысымен танысты. Сенатор жергілікті тұрғындар сапалы жол арқылы негізгі нысандарға жылдам және қауіпсіз бара алатынын айта келіп, құрылыс барысына жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сенатор сапар аясында өңірде қолға алынған ірі жобалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында белгіленген стратегияға толық сәйкес келетінін және әлеуметтік инфрақұрылым мен жергілікті халықты жұмысқа орналастырудың негізгі мәселесін шешуге бағытталып отырғанын атап өтті.

Бөлісу