ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Т.Алдашевтың Ақтау қаласында Түрікменстанның бас консулымен кездесуі.
Маңғыстау облысында іс-сапар аясында Ақтау қаласындағы Түрікменстан Республикасының Бас консулы Меретдурды Абдыллаевпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында екі мемлекеттің өңірлері арасында қанат жайып келе жатқан өнеркәсіп, көлік-логистикалық, сауда-экономикалық әлеуетке ерекше тоқталып, «Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» жолы және екі ел арасындағы визалық режимін жеңілдету жөнінде ұсыныстар тыңдалып, сұрақ-жауап алмасу өтті. Кездесу соңында қазақ-түрікмен ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығы, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, барлық бірлескен бастамалар мен іс-шараларды қолдауға және басқа да салалар бағыттарындағы өзара қарым-қатынас перспективалар талқыланды.