Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен кездесуі.

31.03.2025 104

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар екі елдің ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ парламентаралық байланысты нығайту барысы әңгімеге арқау болды.

Палата Спикері Словения Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді және маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев парламентаралық деңгейде, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимылды одан әрі арттырудың маңызды екенін айтты.

Бөлісу