ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелерімен Алматы қаласына іс-сапар.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелерімен Алматы қаласына іс-сапар.
Іс-сапар барысында Алматы қаласындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының жобасын іске асыру процесімен және қолданылу барысымен, жолды салу технологиясымен, сондай-ақ, ситуациялық орталықпен танысу. Сонымен қатар, Индустриалды аймақта қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындармен танысу. Атап айтқанда, Hyundai автокөліктерін шығаратын зауытпен, көлікке арналған орындық өндірісін жүргізетін зауытпен, сондай-ақ көп брендті автокөлік шығаратын жаңа зауыттың құрылысымен таныстық. Сонымен қатар, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының қаржыландыруын алған бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметтерімен танысып көрдік. Одан бөлек, Өңдеуші өнеркәсіп одағының шақыруымен Одақ мүшелерімен жұмыс кездесуі өткізіліп, Алматы вентилятор зауытына бардық. Іс-сапар барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертпелер Үкімет сағатына арналған ұсынымдар мен заң шығарушылық қызметте ескерілетін болады.