Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаев бастаған Палата делегациясы құрамында Сауд – Арабиясы патшалығы мемлекетіне ресми іс-сапар.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаев бастаған Палата делегациясы құрамында Сауд – Арабиясы патшалығы мемлекетінде ресми іс-сапарда болдық. Іс-сапар аясында Маулен Ашимбаев бастаған Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының мүшелері Сауд – Арабиясы патшалығының астанасы Эр-Рияд қаласында орналасқан Сауд-Арабиясы патшалығының консультативтік кеңесінің төрағасы шейх Абдалла бен Мухаммад бен Ибрахим Аль Аш-Шейх мырзамен кездесті. Кездесу барысында Сенат Спикері біздің еліміз Сауд – Арабиясы патшалығымен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде Сауд-Арабиясы патшалығының консультативтік кеңесінің төрағасы шейх Абдалла бен Мухаммад бен Ибрахим Аль Аш-Шейх Қазақстан мен Сауд – Арабиясы патшалығы арасындағы түрлі алаңдағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін тілге тиек етті. Сондай-ақ Дүниежүзілік ислам лигасы кеңсесінде ұйымдастырылған кездесу өткізіліп, «The Kiswa Factory of the Holy Kaaba» зауытының қызметімен танысып, «Діни аралық қарым қатынастар» атты дөңгелек үстел отырысына қатыстық. Сонымен бірге Медина қаласындағы Пайғамбар мешітіне тағзым еттіп, Пайғамбар мұражайымен таныстық.