Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алдашев С.Т. Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты Замира Соңғыбай бастаған Парламенттік делегациямен кездесу өткізді.

15.05.2025 88

 

Басқосу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы парламентаралық байланысты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында өзара сауда көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету перспективалары сөз болды. Осы ретте парламентаралық достық топтарының әлеуетін тиімді пайдалану, соның ішінде «парламенттік сағаттар» форматындағы кездесулер өткізу ұсынылды. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалмады. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының маңызды рөлі атап өтілді. Соңғы сайлау нәтижесінде бес этникалық қазақтың Ұлы Мемлекеттік Хуралға сайлануы олардың қоғамдық-саяси белсенділігінің айқын дәлелі ретінде аталды.Парламентшілер сондай-ақ туризм, мәдениет және білім беру салаларындағы ықпалдастықты тереңдету мүмкіндіктерін, соның ішінде Түркістан мен Ұлытауға туристік бағыттар құру бастамасын талқылады.

Бөлісу