Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын салу және пайдалану: ағымдағы жай-күйі, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында Үкімет сағат.

23.05.2025 155

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын салу және пайдалану: ағымдағы жай-күйі, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында Үкімет сағат өтті. Шараның мақсаты – жол саласындағы жүйелі мәселелерді анықтап, елдегі көлік инфрақұрылымының жағдайын талқылау және оны дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу.Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина өз сөзінде автомобиль жолдарының жағдайы ел экономикасының дамуына ғана емес, азаматтардың өмір сапасына да тікелей әсер ететінін айтып, бұл мәселенің бүкіл ел үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сенатор Әлібек Нәутиев Үкімет сағаты барысында саладағы жүйелі проблемаларға тоқталды. Атап айтқанда, өңірлердегі жол сапасының біркелкі еместігі, білікті мамандар тапшылығы, техникалық қадағалау жұмыстарының әлсіздігі, жұмыстардың уақытылы орындалмауы, битум жетіспеушілігі және жолдардың шамадан тыс жүктемеден бұзылуы мәселелерін көтерді.Көлік министрі Марат Қарабаев өз кезегінде еліміздегі автожолдардың қазіргі жағдайына қатысты деректерді ұсынды. Оның айтуынша, 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары шамамен 13 мың шақырым жолды қамтиды, оның 8,8 мың шақырымы республикалық маңыздағы жолдарға тиесілі. Шара барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Қазақстан автожолшылар қауымдастығының президенті Бағлан Баймағамбетов те баяндама жасап, инфрақұрылым сапасын арттырудағы бизнес пен кәсіби қауымдастықтың рөліне тоқталды. Қатысушылар шара аясында автожол саласындағы өткір әрі жүйелі мәселелерді талқылап, пікір және ұсыныс алмасты. Талқылау нәтижесінде әзірленген ұсыныстар Үкімет пен тиісті уәкілетті органдарға жолданып, әрі қарай пысықталып, шешімдер қабылданатын болады.

Бөлісу