Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алдашев С.Т. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы бойынша баяндама жасады.

12.06.2025 140

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер және  шақырылғандар!

       Ұсынылып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы үлестік құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді күшейтуге, заңсыз сұр құрылыс үлесін қысқартуға, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, автожол саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда, қолданыстағы Заңнамалар аясында үлескерлердің қатысуымен тұрғын- үй салудың 3 (үш) заңды тетігі қарастырылған:

1 – тетік: Бірыңғай оператордың кепілдігі арқылы. Бұл тетіктің тұрғын үй құрылысындағы үлесі 25,5 %. Бірыңғай оператор болып - «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ  белгіленді;

2 - тетік: Екінші деңгейдегі банктердің тұрғын үй  құрылысына қатысу арқылы.  Бұл тетіктің үлесі - 58,9 %;

3 – тетік: Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін қаржы тарту. Бұл тетік бойынша  тұрғын үй  құрылысындағы  үлесі 15,6 %).

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратты бойынша елімізде тұрғын-үй үлестік құрылысын салу бағытында - 99 үй рұқсатынсыз салынған және 42 проблемалық үйлер бар.

Бұл факторлар кейбір құрылыс салушылар азаматтық қатынастарға сілтеме жасай отырып, жеке тұлғалармен әртүрлі келісімшарттар жасайтындығына байланысты, бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеу және нысандарды тапсыру мерзімдерін кешіктіру, сапасыз құрылыс және үлескерлер үшін шығындар сияқты жағымсыз салдарға әкеліп отыр.

Осыған байланысты тұрғын үй құрылысы қызметінің ашықтығын, мәмілелердің қауіпсіздігін, үлескерлердің ақшасын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге, әлеуметтік шиеленісті және бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында қаралып отырған Заңмен төмендегідей негізгі новеллалар көзделген:

 - салынып жатқан үйлерде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу;

- үлескерлердің қаржыларын тартуға рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу;

- салынып жатқан тұрғын үй нарығында үлескерлердің ақшасын тартудың заңдылығы бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың (бұдан былай - ЖАО) бақылау жүргізу;

- салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйде жылжымайтын мүлік сатып алуға ипотекаға тыйым салу;

- салынып жатқан тұрғын үйді тек қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүргізу;

- тұрғын үй құрылысының жоспарлы мерзімін 9 айдан 5 айға дейін ұзартуға рұқсат беру.

- бірыңғай оператордың кепілдігін алу және банктердің жобаға қатысу тәсілдерімен үлестік құрылыс кезінде талаптарды төмендету;

- уәкілетті компанияның (бұдан былай-УК) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы құрылысының аяқталуын күтпей, ЖАО рұқсатын алғаннан кейін үлескерлердің ақшасын пайдалануға рұқсаты;

Бұдан басқа халықтың мүдделерін қорғау мақсатындаазаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу туралы кеңес беру, «Тұрғын үй үлестік қатысу туралы» түрлі ақпарат беру үшін Үлескерлерді қолдау орталығы құрылады.

Сонымен қатар, аз қабатты құрылысты дамыту мақсатында "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының реттеу саласына "жеке тұрғын үйлер кешені" ұғымы енгізіледі.

             Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының сапасын арттыру бағытында төмендегідей өзгерістер көзделеді:

- мердігерлер мен жобалаушыларды қоса алғанда, саланың барлық қатысушылары үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жол-құрылыс материалдары мен технологиялары бойынша бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу;

- жол жобаларына қатысатын мердігерлердің біліктілігін бақылауды күшейту мақсатында аккредиттеу жалпы құрылыс жұмыстары мен жол құрылысына бөлінеді;

- техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚР Заңының субъектілеріне теңестіріледі.

Мүгедектігі бар адамдарды инватаксиде тасымалдау бөлігіндетөмендегілер енгізіледі:

- өңірлерде мүгедектігі бар адамдардың көп санын қамтуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватакси қызметтерін көрсету мүмкіндігін кеңейту (қазіргі уақытта инватакси қызметтерін мемлекеттік сатып алу арқылы жеткізушілер көрсетеді);

- комиссияның қорытындысы негізінде тұрғылықты жері бойынша инватакси жеткізушілері болмаған кезде Мемлекеттік сатып алу арқылы инватакси қызметтерін көрсету бойынша балама енгізу. Норма әлеуметтік қызметтер порталында инватакси жеткізушілері болмаған кезде көзделген;

- ЖАО инватакси қызметтеріне мониторингті жүргізу, бұл инватакси қызметтерін жеткізушілердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң тұжырымдамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Құрметті Төраға, әріптестер!

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

 

Бөлісу