ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Т. Алдашевтың Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы жанындағы Балалар, халық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Ли Ин Ёнмен кездесуі.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев, Бибигүл Жексенбай, Айнұр Арғынбекова және Закиржан Кузиев Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы жанындағы Балалар, халық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Ли Ин Ёнмен кездесті. Кездесу барысында тараптар заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ білім беру, мәдениет, туризм және өзге де салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Ли Ин Ён көпжақты қарым-қатынастарды дамытуға қызығушылық білдіріп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін атап өтті.