Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының делегациясымен кездесу.

24.09.2025 86

Парламент Сенатында Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының делегациясымен кездесу өткіздік. Біз өз тарапымыздан екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдетуге дайын екендігімізді атап өттік. Біздің еліміз Марокконы Африкадағы ғана емес, ислам әлеміндегі негізгі әріптесінің бірі ретінде қарастырады. Ауқымды ынтымақтастық аясында экономика мен инвестициядан бастап мәдени-гуманитарлық байланыстарға дейінгі бағыттар қамтылып отыр. Кездесуге қатысушылар Марокко делегациясының сапары парламентаралық диалогты кеңейту және жан-жақты әріптестікті дамыту жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен Марокко арасындағы достық байланыстар дәйекті түрде нығая беретініне сенім білдірді.

 

 

Бөлісу