Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қарағанды облысының Сарань қаласына индустриалдық аймақта орналасқан өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша Комитет мүшелерінің жұмыс сапары.

25.11.2025 88

Сапар аясында «Қазақстан Республикасындағы машина жасау саласын дамытудың өзекті мәселелері» атты тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Іс-шараға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшылығы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде машина жасау саласының қазіргі жағдайы, проблемалық мәселелері және саланы дамытуға қатысты заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сапар барысында өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметімен таныстық: «ТЭМПО Қазақстан» тікелей жіксіз болат құбырлар өндірісі зауыты, Тенгри тайрс «Tengri Tyres» ЖШС автомобиль шиналары зауыты, Казтекна «Kaztekna» ЖШС автобустар мен арнайы техника өндірісі, Силк роуд электроникс «Silk Road Electronics» тұрмыстық техника шығару кәсіпорны, сондай-ақ ыстық мырыштау зауыты.

Бөлісу