ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев бастаған бір топ депутаттармен Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс іс – сапар.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев бастаған бір топ депутаттармен Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс іс – сапар.
Сапар барысында өңір жұртшылығымен және кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқыладық.
Кездесулерде конституциялық нормаларды іске асыру тетіктері, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері және аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдары сөз болды.
Сонымен қатар сапар барысында «ЗИКСТО» ЖШС вагон жасау зауытының және қағаз өнімдерін шығаратын «Рим-ҚазАгро» фабрикасының еңбек ұжымдарымен кездестік. Одан бөлек, «Мағжан орталығының» және Петропавл қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған №2 коррекциялық мектебінің қызметімен таныстық. Сондай-ақ аталған оқу орнының ұстаздарымен, «Sensitive» есту қабілеті төмен бишілер ансамблімен және өңірдің боччашыларымен кездестік.