Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» - тақырыбында Парламенттік тыңдау.

24.04.2026 94

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» - тақырыбында Парламенттік тыңдау өткізді. Іс-шараға Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, Сенат депутаттары, Көлік министрі - Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, дүниежүзілік банк пен көлік саласындағы қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – көлік-транзит саласының қазіргі жай-күйін қарастыру, еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыруды шектейтін жүйелі мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша нақты шаралар әзірлеу. Еліміздің аумағы арқылы 12 халықаралық көлік дәлізі өтеді: оның ішінде 5-і теміржол, 7-і автомобиль жолдары. Ресми ақпараттарға сәйкес осы дәліздер арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 85%-ға дейінгі бөлігі жүзеге асырылады. Көлік инфрақұрылымын жетілдіру және жаңғырту, сондай-ақ көлік пен оның инфрақұрылымына инвестиция салу барлық көлік түрлерінің өткізу қабілетін арттыруға зор мүмкіндіктер береді. Іс-шара барысында елдің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және халықаралық көлік дәліздерін кеңейту мәселелері кеңінен талқыланды.Қатысушылар Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі стратегиялық орналасуын ескере отырып, транзиттік әлеуетті арттырудың жаңа тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді көлік саласына енгізу арқылы жүк тасымалын оңтайландыру, шекаралық рәсімдерді жеделдету және логистикалық қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша саланы одан әрі дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленіп, Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болады.

Бөлісу