Советбек
Тұрсынұлы
Медебаев Советбек Тұрсынұлы 1965 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кентінде дүниеге келген.
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін,
Орталық - Азия университетін тамамдады.
1986 жылы «Облбытуправление» жөндеу құрылыс басқармасының Жезқазған учаскесінің шебері.
1987 жылы «Облбытуправление» жөндеу - құрылыс басқармасының Жезқазған учаскесінің прорабы.
1988 жылы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясының құрылыс цехының жұмыс өндірушісі.
1989 жылы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясының аға шебері.
1990 жылы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясының прорабы.
1992 жылы Жезқазған облыстық тұтынушылар одағының аға маманы.
1992 жылы Жезқазған облыстық тұтынушылар одағының күрделі құрылыс, көлігі және материалдық техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
1995 жылы Жезқазған қаласы әкімшілігі басшылығының аппарат басшысының міндетін атқарушы.
1995 жылы Жезқазған қаласының әкімшілігі басшылығының аппарат басшысы.
1995 жылы Жезқазған қаласы әкімінің аппарат басшысы.
2003 жылы Жезқазған қалалық маслихатының хатшысы.
2008 жылы Сәтбаев қаласының әкімі.
2011 жылы «Қазақмыс «Корпорациясы» ЖШС аймақтық кәсіподақ ұйымының төрағасының орынбасары, Жезқазған қаласы.
2012 жылы Жезқазған қалалық маслихатының хатшысы.
2016 жылы Жезқазған қалалық маслихатының хатшысы.
2021 жылдың наурызынан бастап Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалды.