Сенатор Қайрат Тастекеев Абай облысында болды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев Абай облысындағы Ақсуат және Көкпекті аудандарының тұрғындарымен және мәслихат депутаттарымен кездесті.
Сенатор кездесу барысында тұрғындармен сөйлесіп, аймақтың жағдайымен танысты. Депутат сондай-ақ VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы аясында атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды хабардар етті.
«Сенат осы уақыт ішінде Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту жөніндегі реформаларын заңнамалық қамтамасыз ету жөнінде ауқымды жұмыс атқарды. Парламент үш айда 25 заң қабылдады. Оның ішінде 10 заң депутаттық корпустың бастамасымен әзірленді», - деді сенатор.
Кездесу соңында тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыланды және Парламент қабылдаған заңдар бойынша жан-жақты пікір алмасу өрістеді.