Сенат депутатының Абай облысына жұмыс сапары
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында облыс тұрғындармен кездесулер өткізіліп, онда халықты толғандырған түрлі мәселелер талқыланды.
Депутат арнайы Бесқарағай ауданына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиын барысында инфрақұрылым, республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйді жекешелендіру, сондай-ақ қаңғыбас иттерге қатысты мәселелер талқыланды. Қайрат Тастеекев сондай-ақ өңір жастарымен жүздесіп, олардың пікірсайыс, еріктілер қозғалысын, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі бастамаларын талқылады.