Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта заң шығару ісіндегі мәслихаттардың рөлі талқыланды

12.03.2025 134

Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтіп, оған өңірлік мәслихат депутаттары қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы – Сенат пен мәслихаттар арасындағы заң шығару процесіндегі өзара іс-қимыл және жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту тетіктері болды.

Әділет министрінің орынбасары Ботагөз Жақселекова отырыс барысында заңнамалық қызметті жетілдіру жөніндегі заң жобасы туралы баяндама жасады. Ол Үкімет бастамашылық ететін заң жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізудің қажеттілігіне ерекше тоқталды. Отырысқа қатысушылар нормативтік құқықтық актілер жүйесін оңтайландыру және өңірде қайталанатын құқықтық құжаттардан бас тарту мәселелерін де талқылады. Жиын барысында Ұлытау және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының мәслихат төрағалары баяндама жасады. Сонымен қатар пікірталасқа басқа да өңірлік мәслихаттардың өкілдері қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар мәслихаттардың заң шығару процесіндегі рөлін күшейту – мемлекеттік саясаттың тиімділігі мен ашықтығын арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Жеткен келісімдер Сенат пен өңірлік өкілді органдар арасындағы ынтымақтастықтың негізіне айналып, орталық билік пен жергілікті қауымдастықтың мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуі тиіс.

Бөлісу