Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Зейнетақы саласындағы маңызды келісім

17.12.2025 136

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қаралды.

Аталған Келісім екі ел аумағында еңбек еткен азаматтардың зейнетақы құқықтарын сақтау мен есепке алуға бағытталған. Құжат зейнетақы тағайындау рәсімдерін жеңілдетуді, уәкілетті органдар арасындағы тікелей өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын көздейді.

Бұл Келісім Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтып, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға арналған маңызды құқықтық негіз қалыптастырады.

Бөлісу