Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы

14.11.2024 47

Қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұсынылып отыр.

Заңның мақсаты биржалық сауда мәселелерін, инвесторларды қорғау жүйесін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелерін реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

Биржалық сауда саласын дамыту шеңберінде әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін қалыптастыру, тауар биржаларына мемлекеттік бақылауды кеңейту, тауар биржаларын шағын және микробизнес субъектілері санатынан шығару, стандартты аукцион мен стандартталмаған тауарларды алып тастау, тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды айналып өтуге тыйым салу,                                                бот-технологияларды пайдалануға тыйым салу бөлігінде түзетулер енгізіледі.

Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауды жетілдіру және инвестициялық ахуалды жақсарту шеңберінде мемлекеттік органдардың барлық шешімдері мен шектеу шаралары бойынша прокурорлық сүзгі көзделеді.

Түзетулер блогы 2030 жылға дейін тауар биржалары арқылы сұйытылған мұнай газының саудасына тыйым салуды, арнаулы мемлекеттік органдарда қашықтықтан оқыту тәртібін енгізу және арнаулы құқық субъектісі ретінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы үшін басқа заңды тұлғалардың қызметінде акцияларға иелік ету бойынша шектеулерді алып тастау шеңберінде енгізіледі.

Заң 2 Кодекске және 9 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

 

Құрметті әріптестер!

Қарастырылып отырған Заңды қолдап, бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жіберуді сұраймын.

Бөлісу