Ақтауға сапар. "Бір ел - бір мүдде" депутаттық тобының Маңғыстау ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктер және мәслихат депутаттарымен кездесуі.
«Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы аясында маңғаз Маңғыстау орталығы Ақтау қаласында облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктері, қоғамдық құрылымдарымен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесу өтті.
Аталған жоба этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының Парламентпен, мемлекеттік органдармен, барлық деңгейдегі мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.
Бұдан өзге, Yessenov University-дің ҚХА кафедрасының жұмысымен танысу өтті.
Сапарды бастап барған Сенаторлар Г.Шиповских пен Б.Орынбасаровқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бірқатар ұсыныстар берілді.