Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы

25.06.2024 265

Сіздердің қарауларынызға «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы ұсынылып отыр.

Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда Министрлік тарапынан цифрландыру саласында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Ол жұмыс халықаралық даму институттарының оң бағасын тауып, әлемге танымал. Көптеген мемлекет біздің тәжірибемізді зерттеп біздің цифрлық шешімдерімізге қызығушылық танытып отыр.

Осыған орай, 2023 жылғы 19 мамырда Азия және Тынық мухиты комиссиясының 79-шы сессиясында Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі министрлік конференциясын өткізу және Цифрлық орталықты құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын                               62 мемлекет қолдады.

2024 жылғы 22 сәуірде Бангкок қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты комиссиясының 80-ші сессиясы шеңберінде аталған конференцияны өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасаның «Халықаралық шарттары туралы» Заңының 11 бабы, 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгілейтiн келісімдер ратификациялауға жатады.

Келісімнің 11 бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияда көзделмеген бірқатар адамдар үшін (Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия мүшелерінің, басқа мемлекеттердің делегаттарының өкілдері) жеке қамауға алудан немесе ұстаудан, жеке багажға тыйым салудан иммунитет, барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұқпаушылық секілді иммунитеттер мен артықшылықтар белгіленеді.

Сонымен қатар, Келісімнің 11-бабының 5-тармағына сәйкес виза берудің ерекше тәртібі белгіленеді (тегін беру мүмкіндігі, әуежайда беру).

Бұл конференция біздің IT-экспортымыздың өсуіне жақсы ықпал етеді деп ойлаймыз.

 

Құрметті әріптестер!

Қарастырылып отырған Заңды қолдап, бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жіберуді сұраймын.

Бөлісу