Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының Үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау жөнінде
Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының Үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау жөніндегі» Заң жобасы ұсынылады.
Аталған келісім, әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып, халықаралық жүк тасымалдарын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы транзиттік және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Келісім:
- мемлекеттерді байланыстыратын теміржол желілерінде, атап айтқанда, халықаралық контейнерлік блок-пойыздар үшін, тиісті байланыстар мен транзиттік қызметтерді ұсынуды қарастырады;
- Каспий теңізінде тұрақты теміржол-паромдық операцияларын жүзеге асырады;
- сондай-ақ, кедендік рәсімдеу ережелерін есепке ала отыра, екі ел арасындағы жүктерді халықаралық тасымалдау шарттарын айқындайды.
Қазіргі уақытта біз, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТМТМ) арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, ол өз кезегінде құрамдас маршрут болып табылады. Оған теміржол, автомобиль және су көлігі жұмылдырылған.
Қазірдің өзінде, Қытайдан Еуропаға транзитпен жүктерді өткізу және тауарларды жеткізу мерзімі 19-23 күнді құрайды, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 6 күн, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жылдам (13-15 күн болды).
Аталған Келісім Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға әсерін тігізеді.
Жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді және екі ел арасында авто, теміржол және су көлігімен орындалатын жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Келісімді орындаудың барлық мәселелерін реттеу мақсатында, тасымалдарды дамыту жөніндегі Бірлескен комитет құрылатын болады.
АНЫҚТАМА:Бүгінгі таңда Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар ұзақ уақыт бойы келісіліп келеді, ал Бірлескен комитет транзиттік тасымалдардың жылдамдығы мен сапасын арттыру және көлік саласын дамыту бөлігінде Түркиямен серпінді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Жалпы, заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға, сондай-ақ қаржылық шығындарға әкеп соқпайды.
Қолдауларыңызды сұраймыз!
Назарларыңызға рақмет!