«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалды басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Фискалды басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары
Азия Даму Банкінің қарызы 2024 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін тартылады. Қарыз қаражаты тікелей республикалық бюджеттің кірісіне түседі.
Анықтама:
қарыз сомасы-52,3 млрд. жап. йенасы (баламасы 350 млн. АҚШ);
пайыздық мөлшерлеме – TONA + спред (0,5%);
резервтеу үшін комиссия-қарыздың алынбаған қалдығынан жылдық 0,15%;
қарыз мерзімі-15 жыл, оның ішінде 3 жыл жеңілдік кезеңі.
Ағымдағы жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасында Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (Фискалды басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) қол қойылды.
Жоғарыда көрсетілген Қарыз туралы келісім ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді.
Ағымдағы жылдың 23 қазанында «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалды басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Заң жобасы
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қаралып, мақұлданды.
Қарыз қаражатын Қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін ағымдағы жылы игеру жоспарлануда.
Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің қарызы 2024 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін тартылады. Қарыз қаражаты тікелей республикалық бюджеттің кірісіне түседі.
Анықтама:
қарыз сомасы-52,7 млрд. жап. йенасы (баламасы 350 млн. АҚШ);
пайыздық мөлшерлеме-TONA + айнымалы спред;
біржолғы комиссия-0,25%;
резервтеу үшін комиссия-қарыздың алынбаған қалдығынан жылдық 0,25%;
қарыз мерзімі-15 жыл, оның ішінде 3 жыл жеңілдік кезеңі.
Ағымдағы жылдың 21 тамызында Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасында Қарыз туралы келісімге(Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) қол қойылды.
Жоғарыда көрсетілген Қарыз туралы келісім ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді.
Ағымдағы жылдың 23 қазанында «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Заң жобасы
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қаралып, мақұлданды.
Қарыз қаражатын қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін ағымдағы жылы игеру жоспарлануда