Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы»

06.02.2025 161

Қазақстанның энергожүйесі Ресей Федерациясының энергожүйесімен қатар жұмыс істеу режимінде өзара іс-қимыл жасайды. Электр энергетикасы жүйелерінің қатар жұмыс істеуі электр энергетикасы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың негізін құрайтын жүйелердің әрқайсысының сенімді және тиімді жұмысының маңызды факторы болып табылады.

Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы энергиялық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Келісімнің негізгі мақсаты қатар жұмыс істеу процесінде туындайтын Тараптардың өзара қарым-қатынасын рәсімдеу, сондай-ақ осы өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын негізгі шарттарды айқындау болып табылады.

Мәселен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергожүйелері арасындағы электр қуаты ағындарының рұқсат етілген мәндерінің жүйелі түрде артуына байланысты, Ресей тарапынан 2021 жылғы 15 қарашада Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2009 жылғы 20 қарашадағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Біріңғай энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) өзектендіру мәселесіне бастамашылық жасады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысының хаттамасына сәйкес, келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тапсырылды.

Екі елдің энергетика министрліктер мен мүдделер ұйымдарының қатысуымен талқылаулар мен келіссөздер шеңберінде бірлескен жұмыс тобы шеңберінде Қазақстан БЭЖ мен Ресей БЭЖ-нің қатар жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді реттеу жөніндегі іс-шаралар жоспарлар қабылданды. Екі ел мамандарының күрделі келіссөздері барысында бірлескен күш-жігермен келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттама жобасының барлық даулы мәселелері бойынша консенсусқа қол жеткізілді.

Өз кезегінде келісім жобасын келісу және оған қол қоюға дайындау үшін мемлекетшілік рәсімдер іске қосылды. Сонымен қатар, келісімді Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, халықаралық шарттың бастапқы мәтінінің жартысынан астамын өзгерту үшін оны жаңа редакцияда бекітуді талап ететінін айқындалды, осыған байланысты қазақстандық тарапына ресейлік тарапынан хабарлады.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігі, «KEGOC» АҚ, «ЖЭК» бойынша «ҚЕАО» ЖШС өкілдерінен тұратын келіссөздер тобы жоғарыда аталған Келісімге тиісті түзетулер әзірледі, олардың шеңберінде ресей тарапының талаптарын барынша азайту және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғауға қамтамасыз етілді. Оның ішінде «Атамекен» ҚР ҰКП мен аккредиттелген ұйымдардың оң сараптамалық қорытындылары бойынша алынды.

Оның қорытындысы бойынша 2023 жылғы 9 қарашада ҚР және РФ энергетика Министрліктері арасында Келісімге қол қойылды.

Бөлісу