Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы»

24.04.2025 152

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) 2024 жылғы 19 сәуірде Қырғыз Республикасы Президентінің Астанаға ресми сапары барысында қол қойылды.

Осы Келісім елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауға, атап айтқанда, бір Тараптың екінші Тараптың аумағындағы инвестициялары үшін, сондай-ақ екі мемлекеттің аумақтарында инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелерді өзара түсіністік негізінде реттеудің тәртібі мен талаптарын айқындайды.

Қырғызстанмен стратегиялық әріптестік Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны одан әрі дамыту перспективаларын ашады, бұл біздің халықтар арасындағы байланыстардың өсуіне және нығаюына ықпал етеді.

Заң қабылданған жағдайда оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Бөлісу