Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) Қазақстан тарапы 2018 жылы әзірледі.
Келісімге Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының Сыртқы істер министрлері Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Армения Республикасына ресми сапары шеңберінде қол қойды (2024 жылғы 15 сәуір, Ереван қаласы).
Келісім көші-қон саласында ақпарат алмасуды, қос азаматтыққа және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін жағдайлар жасауды көздейді.
Заңның 11-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Келісім ратификациялауға жатады.