Жаңа жылдағы алғашқы жұмыс сапарым Павлодар облысына қарасты Май ауданынан бастау алды.
Жаңа жылдағы алғашқы жұмыс сапарым Павлодар облысына қарасты Май ауданынан бастау алды.
Алдымен аудан активі және депутаттар қауымымен кездесіп, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне берген сұхбатын талқыладық. Мемлекет басшысы өз сұхбатында атап өткендей, 2024 жылы көптеген маңызды оқиғалар орын алып, қыруар жұмыстар атқарылды. Мәселен, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары барлық аймақта жүргізілді. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделді. Тау-кен, мұнай-химия және металлургия салаларында ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Қайта өңдеу секторы қарқынды дами бастады. 27 миллион тоннаға жуық астық жинап, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізген диқандарымыздың жетістігін айрықша атап өткен жөн. Біз еліміз үшін күрделі болса да, жүйелі экономикалық реформаларды қолға алып, алдағы бес жылдық дамуымыздың берік негізін қаладық. Осы жылы көптеген маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылып, болашақта бұдан да ауқымды жұмыстар жасалмақ.
Айта кетейік, өткен жылы Парламент 104 заң қабылдады. Халықтың қауіпсіздігі мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды заңдар бойынша бүгінгі кездесу барысында да ақпарат бердім.
Сондай-ақ, мемлекеттің қолдауымен қазіргі таңда ауылдар мен аудан орталықтарында әлеуметтік нысандар салынып, тұрғындардың игілігіне беріліп жатқанын білеміз. Бүгінгі кездесуде депутаттар тарапынан спорт, мәдениет, денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелер қозғалып, ол сұрақтарды өз назарыма алдым.