Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Май ауданы Көктөбе ауылындағы туған мектебіне барды.

06.01.2025 292

Май ауданы, Көктөбе ауылындағы Е.Мұқашев атындағы жалпы білім беру мектебіне барып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып шықтым. Кезінде өзім де осы мектептің қабырғасында білім алып, үлкен өмірге қанат қаққан едім. Қазір мектебіміздің бейнесі заман талабына сай өзгеріп, оқушылардың білім алуы мен қызметкерлердің жұмыс жасауына жан-жақты жағдай жасалған. Ең бастысы, қызметкерлер жылу маусымы кезінде ғимараттың іші жылы екенін атап өтті. Бүгінгі күні мектепке спорт залы қажет. Осы орайда аудан депутаттары аталмыш мәселені көтерді. Әрине өз тарапымыздан бұл сұрақтың оңтайлы шешілуіне барынша үлес қосатын боламыз.

Бөлісу