Павлодар облысындағы көшпелі отырыс
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді. Онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» қағидаттарын іске асыру аясында ауыл тұрғындары өндірген ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымын құру мәселелері талқыланды.