Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жұмыс сапары Баянауыл ауданынан басталды

01.07.2025 267

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Павлодар облысынан сайланған депутаты Ернұр Нұрмұханұлы Айткенов аймаққа жасаған жұмыс сапарын Баянауыл ауданынан бастады. Алдымен ол аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, ашық пікір алмасу форматында әңгімелесті.

Кездесу барысында сенатор Сенат енгізген Салық кодексіндегі өзгерістер жайлы ақпарат беріп, ең өзекті тұстарына тоқталды. Өз кезегінде жергілікті депутаттар тұрғындардан түскен мәселелер мен ұсыныстарды жеткізді. Барлығы жеке назарға алынды. Мұндай кездесулер барысында анықталған мәселелер жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде оң шешімін табатыны атап өтілді.

Бөлісу