Ж. Аймауытов ауылындағы жаңа су құбырының құрылысы
Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының Павлодар облысынан сайланған депутаты Ернұр
Нұрмұханұлы Айткенов жұмыс сапары аясында Баянауыл ауданының Ж. Аймауытов
ауылына барып, жаңадан салынып жатқан су құбырының құрылыс барысын көрді.
Құрылыс жұмыстары
ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың
наурыз айына жоспарланған. Жобаның мердігері — «Гидропром» ЖШС.