Баянауылдағы Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернатына бару
Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының Павлодар облысынан сайланған депутаты Ернұр
Нұрмұханұлы Айткенов жұмыс сапары аясында Баянауылдағы Шәкен Айманов атындағы
мектеп-интернатына арнайы барды.
Бұл білім ордасы
1939 жылы он біржылдық мектеп ретінде ашылып, алғашқы жылы 10 сыныпқа 8 бала
қабылданған. Соғыс жылдарында шамамен 25 оқушы білім алған. 1971 жылға дейін
ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы №1 қазақ мектебі аталып келсе, кейін КСРО
Халық әртісі, режиссер Шәкен Аймановтың есімі берілді.
2006 жылдан бастап
қазақ гимназия мектеп-интернаты болып жұмыс істеп, 2010 жылдан бері Шәкен
Айманов атындағы жалпы білім беретін қазақ гимназиясы аталады. Қазіргі таңда
мұнда 515 оқушы оқып, 98 мұғалім мен 4 тәрбиеші қызмет атқаруда. Мектеп
ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз
айында аяқталмақ.