Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жаңа спорт кешені Bayanaul Arena-мен танысу

01.07.2025 279

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Павлодар облысынан сайланған депутаты Ернұр Нұрмұханұлы Айткенов жұмыс сапары барысында Баянауыл ауданындағы жаңа Bayanaul Arena спорт кешенін аралады. Бұл нысан ағымдағы жылдың маусым айының ортасында есігін айқара ашқан болатын.

Аудан көлемінде бүгінде 15 спорт түрі дамып келеді: футбол, баскетбол, волейбол, қазақша күрес, грек-рим күресі, белбеу күресі, үстел теннисі, садақ ату және тоғызқұмалақ. Кешенде 25 метрлік жүзу бассейні де жұмыс істейді.

Баянауыл спортшылары тек республикалық емес, халықаралық жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Қазіргі таңда спорт мектебінің 50 тәрбиеленушісі спорт шеберіне кандидат мәртебесіне ие, оларға үлкен сенім артылуда.

Бөлісу