Шонай ауылындағы су құбыры құрылысы
«Ұлт саулығы – ел
болашағы. Денсаулықтың басты кепілі – таза ауыз су», – деді Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының Павлодар облысынан сайланған депутаты Ернұр
Нұрмұханұлы Айткенов жұмыс сапары барысында.
Депутат Баянауыл
ауданына қарасты Шонай ауылындағы су құбырының құрылыс барысымен танысты. Жоба
мамыр айында басталып, жалпы құны 1 млрд 300 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні
49 үйге су тартылды. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қазан айында толық
аяқталып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілмек.