Су және денсаулық саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
29 қазан 2025 жылы сағат 11:00-де ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айткенов Ернұр Нұрмұханұлының төрағалығымен 1992 жылғы «Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыста ҚР Денсаулық сақтау, Су ресурстары және ирригация, Сыртқы істер, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің өкілдері қатысты.
Кездесуде су және денсаулық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ұлттық заңнаманы үйлестіру және халықты қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды