Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2023 ж. 15 наурызында депутат С. Медебаев Сенат отырысында бяндама жасады.

15.03.2023 0

Құрметті Мәулен Сағатханұлы, құрметті әріптестер!

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобалары уақытылы және өзекті.

Мемлекеттің бағдарламалық құжаттарынан сот жүйесін жетілдіруге, судьялар корпусының кәсіпқойлығы мен олардың тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін сот реформасын жалғастыру, қажетті құқықтық тетіктерді әзірлеу міндеттері туындайды.

Осыған орай Палатаның қарауына енгізілген заңнамалық түзетулер осы міндеттерді орындау жолында маңызды үлес болып табылады деп есептеймін. Атап айтқанда, аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына кандидатураларды судьялардың өздері іріктеу кезінде сайлау тетіктерін қолдану аудандық соттар төрағаларының лауазымы беделін өсіруді және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ бос лауазым орындарын лайықты кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін де шешеді деп ойлаймын. Ал кадрлық және ұйымдастыру сипатындағы өзге де мәселелерді Жоғарғы Соттың құзыретінен Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді, өйткені сот жүйесіне сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне басым назар аударуына жағдай жасайды.

Судьяларға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын санкциялауды Бас Прокурорға беру судьялардың тәуелсіздігі кепілдігін арттырады және құқық қорғау органдарының оларға қысым жасау тетігін болдырмайды.

Сот жүйесі мемлекеттің басты құрамдас негіздерінің бірі әрі әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыру жолында елді демократиялық дамыту тетіктерінің бірі болып табылады.

Осыған орай «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобаларын қабылдау Президенттің Жолдауы шеңберінде өткізілетін реформаларды іске асыруға және қоғам талабына жауап беретін судьялар корпусының жай-күйін жақсартуға септігін тигізетін болады.

Мен заң жобаларын қолдаймын және әріптестерімді қолдауға шақырамын.

Назарларыңызға рақмет.

 

Бөлісу