Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2024 ж. 18 қаңтарында депутат С. Медебаев Сенат отырысында баяндама жасады.

18.01.2024 0

 

Сіздердің назарларыңызға «1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы ұсынылады.   

Аталған келісімге 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында ТМД үкімет басшылары қол қойды. Келісімнің мақсаты құпия өнертабыстар туралы мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондай - ақ, бұрынғы КСРО - да жасалған құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру тәртібін айқындауға бағытталды.

Келісімнің ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қолданылу мерзімінің барлық кезеңінде КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беруге бірде - бір өтініш берілмеген. Сондай - ақ, құпия өнертабыстарды құпиясыздандырудың бірде - бір жағдайы тіркелмеген.

Сонымен қатар, өнертабыстарды қорғау мерзімі 20 жылды құрайтынын атап өткен жөн. Бүгінгі күні КСРО-да жасалған барлық өнертабыстар бойынша қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өтіп кетті.

Осыған байланысты, ТМД-ның Атқарушы комитетімен келісімнің маңыздылығының жоқтығына байланысты қолданысын тоқтату туралы мәселе көтерілді.

Сондай - ақ, ТМД - ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі ТМД шеңберінде жасалған көпжақты шарттардың қолданысын тоқтату туралы құжаттардың жобалары туралы шешімінің, ТМД - ның мемлекет басшылары кеңесінің және үкімет басшылары кеңесінің шешімдерінің негізінде ТМД - ның Атқарушы комитеті Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама әзірледі.  

Аталған хаттаманы әзірлеудің мақсаты мен негізгі міндеті құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беру туралы материалдардың болмауына және құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру жағдайларына байланысты келісімнің қолданылуын тоқтату болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 мамырда «Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.  

Бүгінгі күні хаттаманы Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы ратификациялады.

Қазақстан Республикасы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға 2020 жылғы 8 желтоқсанда қол қойды. Сенаттың тұрақты комитеттерінен осы Заң бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хаттама ратификациялауға жатады.

Аталған заңды қабылдау теріс әлеуметтік - экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді.  

Бөлісу