Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаты Советбек Медебаев АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдерімен бірлесіп, Сәтбаев қаласындағы №33 «Күншуақ» балабақшасы ұжымымен кездесті.

23.09.2024 143

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Советбек Медебаев өз кезегінде АЭС құрылысы электр энергияны көрші елге импортау мәселесін шешеді деген пікірді ортаға салды. Озық елдердің тәжірибесіне қарасақ, қазір әлем бойынша 415 ядролық реактор жұмыс жасап тұр екен. Тағы 60 реактордың құрылысы жүріп жатыр. Ең көбі АҚШ-та, Франция, Қытайда, Ресейде, Оңтүстік Корияда, Жапонияда орналасқан. Атом электростанциясы 60-100 жылға дейін жұмыс жасауға қауқарлы.

Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге экологиялық таза қуат көздері қажет екндігін және біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беру қажеттігін ойлауымыз керек деді.  Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергия қажет ететіндігін атап өтті.
Бөлісу