Сенат депутаты Советбек Медебаев АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдерімен бірлесіп, «Қазақстан теміржолы-жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Советбек Медебаев атом электр станциясы жаңа жұмыс орындарын ашуға, станция орналасқан аймақта ифрақұрылымның дамуына үлкен ықпалын тигізетіндігін жеткізді. Содай-ақ, өнеркәсіпті дамытуға және Қазақстанның экономикасын бәсекеге қаблеттілігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, АЭС салу бойынша 6 қазанда өтетін референдумның маңыздылығына да тоқталды. Қазіргі таңда атом электростанциясын салу туралы түпкілікті шешім демократия құралы-референдум арқылы қабылданады. Бұл шешімді қабылдау процесі барынша заңдылық пен өкілдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан, «Қазақстан теміржолы-жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне 6 қазан күні өз таңдауын жасап, дауыс беруге шақырды.