Сенат депутаты Советбек Медебаев АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдерімен бірлесіп, «Жезқазған-Шығыс кенішінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Сенат депутаты Советбек Медебаев өз кезегінде еліміздегі электр энергия қоры азайып келе жатқанын алға тартты. Қазір Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясын 70% -қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді екендігін жеткізді. Атап айтқанда, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі 70% жеткендігін және елімізде электроэнергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға дейін өсіп жатқандығына тоқталды.
Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру және экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде. Күн және жел электростанциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергия мен қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдай жаңа тұрақты экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады. Сондықтан, атом электростанциясын салу аталған мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.